Алматыда WorldSkills Almaty 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдысын дамыту.
Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 380-ден астам колледж студенттері қатысады. Олардың ішінде: графикалық дизайн, кірпіш қалау, сылақ жұмыстары, сантехника, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, жеңіл автомобильдерді жөндеу және т.б. бар.
Чемпионаттың бір ерекшелігі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау DeafSkills және Абилимпикс. Чемпионат аясында осы бағыттар бойынша 6 құзырет бойынша 25 адам қатысады.
Чемпионат қаладағы 21 колледждің базасында өтіп, 14 сәуірге дейін жалғасады. Жеңімпаздар WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына қатысады. Халықаралық чемпионат қыркүйек айында Польшада өтеді.