Жазғы дизель отыны қай өңірлерде қымбат

Ұлттық статистика бюросы жазғы дизель отынының өңірлердегі бағасын атады.

Ақпан айында жазғы дизель отынының 1 литрінің орташа бағасы 241 теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда жоғары баға Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларында тіркелді, онда жанармайдың бір литрі орта есеппен 260 теңге тұрады.

Өзге өңірлерде жазғы дизель отынының литрі 230-240 теңге аралығында сатылып жатыр.

«Айта кетейік, қыстық дизель отынының ақпандағы бағасы – литрі үшін 630 теңге», - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте