Режеп Тайип Ердоған ҚР президентіне: Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкарада сапармен жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған әлемдік көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстанның құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік», – деді Түркия президенті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте