2023 жылғы қаңтарда есепке 126,9 мың бірлік1) автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер 25,9%-ға, жүк автомобильдері 39,5%-ға артты, автобустар 2 есеге артты.
Осылайша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 518,7 мың бірлікті құрады (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар.
2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайды).
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн. теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған).
Вам может быть интересно: «SCMP узнала о возможном поглощении китайским партнером «дочки» SVB в Шанхае»