Республикалық маңыздағы жолдардың 11 бөлігіндегі шектеу алынды
Күн райының жақсаруына байланысты 11 республикалық маңыздағы тасжол бөлігінде жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
Қостанай облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы арасы) және «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолы (Әулиекөл кенті-Октябрь кенті арасы) ашық.
СҚО-да «Екатеринбург-Алматы», «Жезқазған-Петропавл», «Көкшетау-Рузаевка», «Қарасай батыр м.к кіреберіс жолы», «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы», «Рощинское-Корнеевка-Волошинка«,»Волошинка-Сергеевка-Тимирязево«, «Тимирязева-Сарыкөл-Қостанай өңірінің шекарасы» тасжолдары ашық.
Ақмола облысында «Көкшетау-Рузаевка» тасжолы (Көкшетау қаласы- СҚО шекарасы арасы) ашық.
Вам может быть интересно: «По меньшей мере 10 человек погибли в результате схода оползней на западе Индонезии»