Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Сыртқы істер министрлігі Дәурен Абаевтың ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалғанын растады.

Бұған дейін ТМД атқарушы комитеті БАҚ өкілдеріне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Бекетжан Жұмахановтың орнына Дәурен Абаевты ТМД бас хатшысының орынбасары қызметіне ұсынып, нота жібергенін мәлімдеген болатын. Дәурен Абаев жаңа қызметіне 7 наурызда кірісетіні де хабарланған.

Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігі растады.

Жыл басында Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі болып лауазымынан босатылған болатын.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте