Сауд Арабиясына ет пен бал экспорттайтын қазақстандық компаниялар саны өсті

 Сауд Арабиясына қазақстандық өнімді экспорттаушы компаниялар саны өсті, деп хабарлайды АШМ

«Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізілімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар», - делінген хабарламада.

Тізімнің жаңартылған нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте