Египеттегі турнир аяқталды: қазақстандық балуандар 13 медаль жеңіп алды
Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингілік турнирдің соңғы күні қазақстандық 1 балуан қола медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметінде мәлім етті.
Қазақстан күрес түрлері федерациясының мәліметінше, Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің соңғы күні еркін күрестен 57 келіде Рахат Қалжан қола медальға ие болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы бұл жолғы доданы 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен қорытындылады.
Еске салайық, бұған дейін Египеттегі турнирдің алғашқы күні қазақстандық балуандар 7 медаль, екінші күні 3 медаль, үшінші күні 2 медаль жеңіп алған еді.Сондай-ақ, биыл сәуір айында Астанада ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетінін хабарлағанбыз.
Вам может быть интересно: «НАСА отправит новый экипаж на МКС»