Қазақстан СІМ-де Иранмен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Иран Ислам Республикасының Елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін талқылап, екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін ү.ж. 25 қаңтарда өткен Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысының қорытындыларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты атқаруға уағдаласты.

Сонымен қатар сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бер екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте