6 тәжікстандық жалған құжатпен ұсталды

Жалған құжатпен Қазақстан шекарасын басып өтпек болған Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК.

«22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды. Олардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттар алынды», - делінген хабарламада.

Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте