Елордада 26 ақпан күні конкурдан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа Қарағанды, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының шабандоздары қатысады.
Жарыс бес бағыт бойынша өтеді:
– «Балалар санаты». Кедергiлердiң биіктігі 110 см-ге дейін.
– «Дөнендер жарысы». Кедергiлердiң биіктігі 100 см-ге дейін.
– «Бесті аттар». Кедергiлердiң биіктігі 120 см-ге дейін.
– «6 жастан жоғары». Кедергілердің биіктігі 125 см-ге дейін.
– «Еркін санат». Кедергілердің биіктігі 130 см.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 млн теңге.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде (мекенжайы Қарқаралы тасжолы, 1) өтеді.
Вам может быть интересно: «Министры финансов «Большой семерки» обсудят новые санкции против России»