Қазақстан жаңалықтар
22 февраля 2023, 21:13
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет 22-25 ақпан күндері болатын ауа райы болжамын жариялады.
«Алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын соғады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 15 градустан 23 градусқа дейін, солтүстік-батыста 28 градусқа дейін, ал солтүстікте және орталықта 25 аяз болжанады», - делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «В Китае заработала база подводной археологии в Южно-Китайском море»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes