Даулат Ешкеев Астана әкімі аппаратының басшысы болды

 Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Даулат Ешкеев тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ешкеев Даулат Затұлы 1975 жылы Қарағанды қаласында туған. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін (экономист), 2000 және 2014 жылдары – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін (заңгер, экономика ғылымдарының магистрі) аяқтаған.

1999-2007 жылдар аралығында Қарағанды облысының кеден органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

2007-2023 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының бөлімдерін басқарған. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

2023 жылдың 17 ақпанында Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте