Мемлекет басшысы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

Кездесу барысында президентке Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.

Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте