«Қазақстан темір жолы» биыл 560 км астам шойын жолға күрделі жөндеу жүргізеді

Биыл 560 км астам шойын жолға күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Күрделі сипаттағы жөндеу жұмыстарынан басқа, сондай-ақ 90,5 шақырым жолға күшейтілген орташа және орташа жөндеу жоспарланып отыр. Темірбетон арқалықтардағы бағыттамалы бұрмалардың 634 жиынтығын жаңасымен ауыстыру көзделген.

Магистральды жөндеу жұмыстарын орындау және күтіп ұстау үшін компанияның жол шаруашылығында 732 арнаулы теміржол жылжымалы құрамы пайдаланылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, шамамен 1 000 км теміржол жөнделсе, оның 550 км астамы күрделі жөндеуден өтті.

Жол жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс теміржол тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте