Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды. Бұл туралы елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте