Яндекс.Таксиге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (Агенттік) БАҚ беттерінде жүргізушілер мен тұтынушылар тарапынан жасалған мәлімдемелерді назарға ала отырып, Яндекс.Такси таксомоторлы агрегаторына қатысты сот процестеріне байланысты Яндекс. Таксиге қатысты тергеу тоқтатылғанын хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы агенттік таксидің 2020–2021 жылдар аралығындағы ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің тауар нарығына талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша Яндекс. Такси нарығының үлесі Алматы қаласы бойынша 2020 жылы – 83,78%-ды, 2021 жылы – 84,34%-ды, Астана қаласы бойынша 2020 жылы – 60,7%, 2021 жылы – 67,3% құрағаны белгілі болды. Айта кету керек, Яндекс Такси өз сервис қызметі туралы ақпарат беруден жалтарып, талдау жүргізуге кедергі келтірген кездер де болды, бұл сот талқылаулары нәтижелерінде расталды.
Талдау қорытындысы көрсеткендей, соңғы екі жылдан астам уақыт аралығында Яндекс. Таксидің жағдайы тұрақты өсіп, аталмыш нарықтағы тауар айналымының жалпы жағдайына ықпал етуге және бақылау жасауға мүмкіндік берген.
Бұл тұрғыда, жүргізушілер мен сервис тұтынушыларының шағымдарын есепке ала отырып, Яндекс. Таксиге қатысты – монополиялық жоғары бағалар белгіледі деген негізде антимонополиялық тергеу шаралары басталған болатын.
Яндекс.Такси комиссиясының мөлшері нарық бойынша ең жоғары болып табылады: қосымша құн салығын қосқанда 17% -дан басталады. Оның сыртында, жүргізушілерден Яндекс.Таксиден бөлек, серіктес такси парктеріде 4% комиссия алады. Осының бәрі такси қызметі құнының жалпылай қымбаттауына және сервис жүргізушілері үшін шамадан тыс жүктемеге әкеліп соғуда.
Алайда, Яндекс. Такси монополияға қарсы органның тергеу амалдарын бастау туралы бұйрығына қарсы шағым түсірді. Бірінші сатыдағы сот шешіміне сай, сот зерттеген мән-жайлар мен заңнама нормаларының жиынтығы монополияға қарсы органның бұйрықты қабылдау жөніндегі іс-әрекеттері заңды әрі негізді екендігі дәлелденді.
Мұндай жағдайда Яндекс таксидің монополияға қарсы органның әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігіндегі талап-арызы қанағаттандыруға жатпайды, өйткені сотта Бұйрықты қабылдау кезінде жауап беруші тарапынан қандай да бір заңсыз әрекет анықталған жоқ.
Бірақ 2022 жылғы кезең бойынша тауар нарығының талдауы болмауы себепті, сот тексеру кезеңінің бір бөлігін жою туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган 2022 жылға арналған тауар нарығына талдау жүргізуде, алайда Яндекс. Такси қайтадан уәкілетті органның заңды талаптарын орындаудан жалтарып, қажетті ақпаратты бермей келеді, бұл агрегатор тарапынан монополияға қарсы іс жүргізудің қасақана кешіктіріліп жатқанын көрсетеді.
Осыған байланысты, Яндекс. Таксиге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық
туралы хаттама жасалды.
Вам может быть интересно: «Столтенберг: НАТО усилит поддержку Украины »