ЖЭК: қуат өсіп келеді, өндіру де өсіп келеді, бірақ жалпы электр энергиясы өндірісіндегі үлес әлі де аз

ЖЭК: қуат өсіп келеді, өндіру де өсіп келеді, бірақ жалпы электр энергиясы өндірісіндегі үлес әлі де аз

2022 жылдың соңында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың орнатылған қуаты 2,4 мың МВт-қа жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 18,8% артық. Анықтама үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2 мың МВт болатын. 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш бірден 7 есе артқан, деп хабарлайды energyprom.kz.

Орнатылған қуаттықтың басым бөлігі күн электр станцияларына тиесілі: 1,1 мың МВт, бір жылда 10,6% көбейді. Одан кейін жел электр станциялары: 958 МВт, 40,1% көбейді. Шағын ГЭС қуаты 280 МВт, биоэлектр станцияларының қуаты 1,8 МВт болды.


2022 жылдың қаңтар–желтоқсанында ЖЭК нысандарыны өндірген электр энергиясы 5,1 млрд кВт⋅сағ құрап, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бірден 21,1% өсті.

Бұл ретте, жалпы электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК нысандарында өндірілген электр энергиясының үлесі әзірге небәрі 4,5%-ды ғана құрайды (бірақ бір жыл бұрынғы 3,7%-бен салыстырғанда өсім бар). 2026 жылға қарай көрсеткіш 7%-ға, ал 2030 жылға қарай 10%-ға жетуі тиіс (ЖЭС және КЭС үлесі).

ЖЭК нысандарыны арасында өндірілген электр энергиясының басым бөлігі жел электр станцияларынан алынды: 2,4 млрд кВт⋅сағ, бір жылдағы өсім 35,7%. Екінші орында күн электр станциялары: 1,8 млрд кВт⋅сағ. Шағын ГЭС 934 млн кВт⋅сағ (16,8% көбейген), биоэлектр станциялары 2 млн кВт⋅сағ (34,9% азайған) өндірді.


Bp.com порталы мәліметінше, 2021 жылы әлемде ЖЭК нысандары арқылы электр энергиясын өндіру 3,7 трлн кВт⋅сағ жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,2% артық. Жаңартылатын электр энергиясының басым бөлігі Азия-Тынық мұхиты аймағында өндірілді: 1,7 трлн кВт⋅сағ. Одан кейін Еуропа (946,5 млрд кВт⋅сағ) және Солтүстік Америка (714,1 млрд кВт⋅сағ). Ал ең аз ТМД елдерінде: бір жыл бұрынғыдан бірден 41,2% көп болса да, небәрі 9,6 млрд кВт⋅сағ.

ТМД елдері арасында электр энергиясы өндірісінен Ресей көш бастады: 5,4 млрд кВт⋅сағ — бір жыл бұрынғыдан 54,1% артық. Екінші және үшінші орында Қазақстан (3 млрд кВт⋅сағ) мен Беларусь (0,7 млрд кВт⋅сағ).

Өздеріңіз көріп отырғандай, портал деректері мен ҚР-ның ішкі статистикасы арасында айырмашылық бар.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте