Ақерке Ахметова ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақерке Естайқызы Ахметова 1996 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдаған.
1998 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірді.
2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда Sheffield университетінде оқыды.
1991-2000 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеді.
2000-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық шарттардың жобаларын сараптау бөлімінің бас маманы, бастығы, департамент директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2018 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау Департаментінің директоры қызметін атқарды.
2019 жылдың 18 қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметін атқарды.
Вам может быть интересно: «47 человек заболели коронавирусом в Казахстане за сутки»