Қазақстаннан кетіп қалған «Азия авто» басшысы Анатолий Балушкин сотқа шақырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстанда қанша адам фрилансер болып жұмыс істейтіні айтылды
Қазақстаннан қашып жүрген Анатолий Балушкин сотқа шақырылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
«Қазақстаннан тыс жерде жүрген және келуден жалтарып жүрген күдікті 1970 жылы туған Анатолий Балушкин 10 ақпанда сағат 17:00-ге дейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2 мекенжайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік ғимаратына келуі қажет», - делінген агенттік хабарламасында.
Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті Балушкин А.М. қорғаушыны өз бетінше шақыруға немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушының қатысуы туралы өтінішхат беруге (ҚР ҚПК-нің 68-бабы) құқылы. Қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың атынан өзге де адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК-нің 67-бабы).
Айта кетсек, Анатолий Балушкин «Азия авто – БИПЭК авто» басшысы болған.
Вам может быть интересно: «Маңғыстауда көктайғақ салдарынан үш бағыттағы облыстық жол жабылды»