Қазақстан жаңалықтар
7 февраля 2023, 23:17
Талдықорған көшесінде қару ұстап жүрген ер адам психдиспансерге орналастырылды
Талдықорған қаласында көшеде қару ұстап жүрген ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл бала кезінен психикалық аурумен ауыратын, ресми түрде арнайы медициналық есепте тұрған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ер адам қарт әкесімен бірге тұрады. Оның қолындағы тапанша ешқандай қауіп төндірмейтін қарапайым сувенирлік оттық екені анықталды.
Тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторы жедел жәрдем бригадасын шақырып, ер адамды қалалық психиатриялық диспансерге орналастырды.
Вам может быть интересно: «Евросоюз готовится принимать заявления на шенгенские визы онлайн»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes