Сауда министрлігі маңызды тауарлардың тізбесіне толықтырулар енгізбек

Сауда министрлігі маңызды тауарлардың тізбесіне толықтырулар енгізбек
ҚР сауда және интеграция министрлігі "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» ҚР ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі ҚР Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұсынысы негізінде ҚР ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ең қажетті тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізу қарастырылуда.

Бүгінгі таңда осы тізбеге енгізілген тауарларға уәкілетті органдар құзыреті шеңберінде ішкі нарықтағы шектік тапшылықты болдырмау немесе алдын алу мақсатында сауда саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша экспортқа тыйым салу және сандық шектеулер енгізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта маңызды тауарлардың тізіміне азық-түлік тауарлары (бидай, ұн, қант, ет), сондай-ақ өнеркәсіптік және медициналық тауарлар кіреді.

ҚР ИИДМ ұсынысы бойынша тізбе халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған көмірмен, сондай-ақ оның ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін күкіртпен толықтырылатын болады.

Бұдан кейін, Қазақстанның ішкі нарығында көмір мен күкірттің шектен тыс тапшылығы туындаған жағдайда, тапшылықты болдырмау және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында уәкілетті орган – ҚР ИИДМ көмір мен күкірт экспортына уақытша шектеу шараларын енгізуі мүмкін.

Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 17 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) орналастырылған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте