Заңсыз отшашуға құмарларға 3,4 миллион теңге айыппұл салынды

Заңсыз отшашуға құмарларға 3,4 миллион теңге айыппұл салынды

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда ҚР елді мекендерінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану бабы бойынша 92 әкімшілік құқық бұзушылық қаралды, бұл бір жыл бұрынғыдан 28,1% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.

Оның ішінде 76 іс бойынша әкімшілік жаза қолданылса, қалған 16 іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Іс жүргізу басталған 76 істің 70-не айыппұл салынса, 6-на ескерту жасалды. Салынған айыппұл сомасы 3,4 млн теңгені құрап, 3,1 млн теңге өндірілді.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде ҚР-да осы сектор бойынша 128 әкімшілік құқық бұзушылық қаралып, көрсеткіш бір жылда 3% азайған.

Өңірлер бойынша қаралған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы және Павлодар облыстарында болды: облыстардың әрқайсысында 11 іс, тиісінше бір жылда 31,3% азайған және 57,1% көбейген. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан (10 жағдай, 47,4% азайған) және Қостанай (8 жағдай, бір жыл бұрынғымен бірдей) облыстары.

Жаңадан құрылған үш облыста — Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында мұндай бірде-бір құқық бұзушылық қаралмаған.


Пиротехникалық құралдарды негізсіз пайдалану мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Мысалы, АҚШ-тың Тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы (CPSC) отшашумен байланысты жарақаттар санының айтарлықтай өсу үрдісін анықтады. CPSC есептеуінше, 2006 және 2021 жылдар аралығында АҚШ-та отшашудан жарақат алу 25%-ға өскен.

2021 жылы отшашулардан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 11,5 мыңға жуық адам жарақат алды. Көбіне қол мен саусақ, сондай-ақ бас (бет, құлақ) және аяқ зардап шегеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте