Жабық алаң ішінде жеңіл атлетика: елордада Азия чемпионаты өтеді

2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Қазақстан астанасы жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионатын өткізеді. Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионат «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс 2023 жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетика іс-шараларының бірі болып саналады.

Айта кетейік, жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 30-дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті – Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте