Президент сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды.

«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес cенат nөрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны сенат төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!», деді ҚР президенті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте