Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасы қабылданады – министр Оралов

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов еліміздің мәдени саясатын жетілдіру – мемлекеттік орган алдында тұрған басты стратегиялық мақсаттардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

«Осы орайда, Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасын өзектендіру жұмыстарын жүргізіп келеді», - деді министр.

Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасының жобасында Ұлттық жоба мен Президенттің Сайлауалды бағдарламасындағы көрсеткіштер интеграцияланып, халықаралық тәжірибеге шолу жасалды және мәдени саясаттың басым бағыттары қамтылған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте