Табысты арттыру, медициналық орталықтар және мектептер құрылысы: Көлгінов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті
Қарағанды облысында есірткі өткізетін арнаның жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қарағанды облыстық ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері синтетикалық есірткі өткізетін арнаның жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.
Жедел іс-шара Қарағанды және Теміртау мен Абай қаласында жүргізілді. Арнайы шара кезінде 21 мен 33 жас аралығындағы төрт азамат ұсталды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің арнайы сайт ашып, синтетикалық есірткіні әлеуметтік желі арқылы сатқанын анықтады.
Жедел қызметкерлер күдіктілердің жалдамалы пәтерлерінің бірінен сатуға дайындап қойған 90 орам ақ түсті ұнтақ зат тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 603 грамм синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Вам может быть интересно: «Криштиану Роналду жаңа командасындағы алғашқы ойынын 5 қаңтарда өткізуі мүмкін»