Бұл туралы облыс әкімі Айдарбек Сапаров жедел кеңес барысында айтты.
Аймақ басшысы қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстауды тұрақты бақылау қажеттігін атап өтті. Өңірлерде қар тазалайтын мердігерлермен дер кезінде келісім-шарт жасасу қажет. Республикалық бағыттар бойынша жолды тазалайтын көліктер санын көбейту керек. Жолдарды тазалауды кеңселерден емес, үнемі орнында бақылау керек.
«5 қаңтар күні мен өзім түнгі 4-ке дейін жаяу жүріп, көлікпен қар тазалау бойынша мердігерлердің жұмысын тексердім. Жұмыс ұйымдастырылмаған. Техниканың көлемін, тоқтап тұру уақытын ешкім қадағаламайды. Қар жиналды, жүк тиегіштер жарты сағатт тұрады. Бұл негізгі көшелердегі көрініс. Қаланың шетінде не боп жатыр», – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ жиында өңір басшысы 2-ші ЖЭО-н көмірмен үздіксіз қамтамасыз етуді және вагондарды көмірмен қамтамасыз етуде іркіліске жол бермеуді тапсырды.
Вам может быть интересно: «ООН: Надежный доступ к электричеству в медучреждениях – вопрос жизни и смерти»