Семейде футбол ардагерлері мен сала мамандары марапатталды
Жақында кәсіби және әуесқой футболды насихаттау мен өткізу басты мақсаты болып табылатын Қазақстан футбол федерациясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.
Осы атаулы датаға орай, Қазақстан футбол федерациясының өңірлік филиалының басшылары футболдың дамуына еңбек сіңірген әріптестеріне арнайы жасалған «Қазақстан футбол федерациясына 30 жыл» белгісін табыстады. Сала мамандарын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев марапаттады.
Семей Қазақстан футболының Отаны екені белгілі. Еліміздегі ең алғашқы ресми футбол клуб 110 жыл бұрын Семей қаласынада құрылып, содан бері футбол семейліктердің сүйікті спорт түрі.
▫️Қаламызда көптеген отандық футболшылар мен жаттықтырушылар, инспекторлар мен төрешілер, менеджерлер және басқа да мамандар тәрбиеленіп, олар көптеген жеңістерді және рекордтарды жаңартты.
Марапатталған семейліктер қатарында Виталий Шевелёв, Анатолий Сидельников, Владимир Томачинский, Александр Борисов, Владимир Боярских, Болат Райсханов, Владислав Плескачёв, Виктор Заякин, Василий Винничук, Вячеслав Кондратенко, Қайрат Аубакиров, Сергей Ерёмин, Константин Фриденталь, Андрей Орлов, Сергей Вишняков, Тимур Камашев, Кайрат Нагишпаев, Олег Богданов, Зейнетулла и Рафик Ахметов, Фархат Бикметьев, Сергей Елисеев, Юрий Колмаков, Райхан Байтасова, Станислав Сарсеков, Думан Балықбаев, Саясат Сарсенбинов және тағы басқа қазақстандық футболдың жарқын жұлдыздары мен жанкүйерлері бар.
Сонымен қатар, жергілікті «Цементник» пен «Спартак», сондай-ақ елімізде ерекше танымал семейлік «Елімай» кәсіби футбол клубында үлкен жетістікке қол жеткізген ойыншылар мен мамандар марапаттарға ие болды. 1990-жылдардың ортасында бұл команда сол кездегі клубтың президенті, ал қазір Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың басшылығымен елімізде бірінші болып Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанып, бір маусымда Қазақстан чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын жеңіп алды.
Сонымен қатар, халықаралық аренада отандық футбол тарихындағы алғашқы ұлттық рекордтардың тұтас сериясын орнатты.
Вам может быть интересно: «Trump Organization оштрафована на 1,6 млн долларов США по делу о налоговых махинациях»