Астанада қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге екі мыңнан астам жол жұмысшы шықты
Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеуде. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
14 қаңтар күні таңертең қала бойынша қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 3 038 рейс жасалды.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 152 748 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.
Сол сияқты қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы себіледі.
Вам может быть интересно: «Аэропорт Копенгагена собирается освободить пассажиров от некоторых проверок»