Әлібек Қуантыров Ұлытау облысындағы Анненская шахтасына түсті

Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Сәтпаев қаласындағы Шығыс Жезқазған кенішіне барды. Мұнда ол Анненская шахтасына түсіп, мыс өндірудің технологиялық процестерімен танысып, кеншілермен әңгімелесті.

Кен орнында 1780 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 762 мың теңге.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы «Kazakhmys Smelting» құрамына кіретін Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын 497 мың тонна көлемінде мыс концентратын өңдейді және жылына 178 мың тонна катодты мыс өндіреді.

Жезқазған мыс балқыту зауытында 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Металлургтердің орташа жалақысы айына 518 мың теңгені құрайды.

Атап айтқанда, министр бірнеше цехтарды аралап, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. «Kazakhmys Smelting» компаниясының бас директоры Жәнібек Байғабелов зауытты жаңғырту, өндірістің келесі кезеңдерін іске қосу туралы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, ол проблемалық мәселелерді көтерді, оның ішінде газ және жабық вагондардың тапшылығы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте