«АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілді - Үкімет басшысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, премьер-министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте