ҚР-да коронавирус инфекциясы туралы 2023 жылғы 3 қаңтардағы ақпарат

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен деп хабарлайды.

3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 680 адам коронавирус инфекциясынан (2 487+ және 193 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,

  • 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Пандемия басталғалы елімізде аталған індет 1 403 328 адамда тіркелді, қайтыс болды 13 695 науқас. Коронавирус белгілері бар пневмонияға 90 599 адам шалдықты, көз жұмды 5 363 науқас.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте