Қазақстан жаңалықтар
29 декабря 2022, 19:41
Маңғыстауда тұрғыннан 1,6 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Маңғыстаулық тұрғыннан 1 миллион теңгеден астам қаржы бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы
Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген азаматқа қатысты полицияға арызбен жүгінді. Жәбірленушіден 1 600 000 теңге көлемінде қаражат талап етілген.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті ұстады. Тінту жүргізу барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын 200 000 теңге ақшалай қаражат тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Вам может быть интересно: «10 человек погибли при пожаре в отеле в Камбодже - представитель полиции»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes