Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ермекұлы Ластаевтың кандидатурасын ұсынды.

Сенат депутаттары Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Артур Ермекұлы Ластаев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі.

Қызметін 2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Бас прокуратурада бес жылдан астам жұмыс істеген, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлімін басқарған.

2016 жылғы қаңтардан бастап Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі болған.

2018 жылдың шілдесінен бастап Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін Эльвира Азимова атқарған. Ол бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте