Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны өсіп, вирустан 1 адам көз жұмды

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 263, коронавирус белгілері бар пневмонияға 18 адам шалдықты және вирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан (-2578 + және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, өткен тәулікте коронавирус пен пневмония 241 адамнан анықталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте