Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің баспасөз қызметі Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қамауға алынғанын ҚазАқпарат тілшісіне растады.
Айта кетсек, әзірге экс-әкімнің қамауға алынуына қатысты істің мән-жайы белгісіз.
Еске салайық, Кәрім Көкірекбаев әр жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрҚазақТур» ЖШС-нің бас директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының вице-президенті, басқарушы директоры, даму жөніндегі вице-президенті, бас инженері болып қызмет еткен. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары лауазымында болды.
2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.
Сол жылы ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған еді.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»