2022 жылғы қарашада Қазақстанда өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда кітаптар 16,5 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Өңірлік бөліністе кітап бағасы Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%. Сонымен қатар ең жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді. Баға Маңғыстау облысында ғана өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары қымбаттау (жылдық) 2016 жылдың тамызында тіркелді. Ол кезде баға 26,4%-ға өсті.
Айта кетейік, республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді, оның төртеуі - электрондық.
Вам может быть интересно: «Гренландия приостановила соглашение о рыболовстве с Россией»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes