Қазақстан Елшісі Король Чарльз III-ге сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ілиясов Король Чарльз III-ге сенім грамоталарын табыс етті. Букингем сарайында өткен рәсім барысында сұхбаттасушылар екіжақты қатынастардың жағдайы мен перспективаларын талқылады. Тараптар сондай-ақ жасыл энергетикаға көшу, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында Король елдегі және аймақтағы жағдайды сұрап, 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын үлкен жылулықпен еске алды.
Өз кезегінде, Елші Чарльз III-ні елімізге кез-келген ыңғайлы уақытта келуге шақырды. Сонымен қатар, британдық монархқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Лондонға алдағы ресми сапары туралы хабарлады.
Король М. Тілеубердінің алдағы сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деген үмітін білдірді.
Сондай-ақ, бұл рәсімнің Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келгенін атап өткен жөн.
Вам может быть интересно: «Нефть вернулась к снижению»