13 жасар семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

3-11 желтоқсанда Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Жас спортшылар барлығы 16 медаль жеңіп алды, оның 3-і Абай облысының шахматшысы жеңіп алды.

Блиц турнирінде әр елден келген шахматшылар арасында 13 жас аралығында - алтын медалін жеңіп алған Думанұлы Сұлтанбейбарысқа тең келетін ешкім болмады. Классикалық шахмат турнирінде де өз жас тобында 1-орынға ие болып, ФИДЕ халықаралық шебері атағына қол жеткізді. Ал рапид шахмат турнирінде Сұлтанбейбарыс қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, оның қарындасы Думанқызы Әлфараби рапидтен 15 жасқа дейінгі категорияда 4-орынға ие болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте