Қазақстан жаңалықтар
14 декабря 2022, 18:55
Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды
Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Қостанай өңірінің судьялар корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Вячеслав Салийді таныстырды.
Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
«Вячеслав Васильевич көпшілігіңізге таныс: ол осы өңірдің тумасы, судьялық еңбек жолын осы жерден бастаған. Оның 35 жылдық судьялық тәжірибесі бар. Өзін сауатты судья және білікті басшы ретінде танытты, әріптестер арасында беделге ие», - деп атап өтті А.Түкиев.
Вам может быть интересно: «На юге Египта обнаружены древние золотые украшения»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes