А.ж. 9 желтоқсан күні ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың төрағалығымен Қазақстандағы McDonald's мейрамханаларының жұмысын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті
Кеңеске Қазақстандағы McDonald's басшылығы, мемлекеттік органдар, сондай-ақ "Қазақстанның Ет одағы", "Қазақстан құс өсірушілер одағы" өкілдері және басқалар қатысты.
Кеңес барысында "Food Solutions KZ" ЖШС (Қазақстандағы McDonald's) Бас директоры Әсет Машанов компания еліміздің нарығында қызметін жалғастыруды жоспарлап отырғанын және мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдарды тарту қызметті қайта бастау процесін жеделдетуге көмектесетін бірқатар мәселелерді атап өтті. Мысалы, барлық жүктерді, әсіресе ветеринарлық жүктерді кедендік тазарту үдерістерін жеделдету, сертификаттау органдарынан құжаттар алуды жеделдету және т. б.
Әсет Машанов, "Food Solutions KZ" ЖШС Бас директоры.
Ағымдағы жылдың соңына дейін алыс және жақын шетелдерден жүктер келетін болады. Кедендік тазарту процесі, қолда бар тәжірибеге сәйкес, өкінішке орай, бір жұмыс аптасына дейін ұзақ уақытты алады. Кедендік тазарту процесін барынша жеделдетуге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Өз кезегінде мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері фитосанитариялық сертификаттар мен сәйкестік сертификаттары сияқты уәкілетті органдардан рұқсат беру құжаттары болған кезде жәрдем көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті.
Жиын барысында импортты алмастыру мәселесі де көтерілді. Қазақстанның ет одағы, Қазақстан құс өсірушілер одағының, Қазақстанның сүт одағының және т.б. өкілдері импорттық тауарлардың орнына Қазақстандағы McDonald's-қа өз өнімдерін ұсынды.
Руслан Шарипов,"Қазақстан құс өсірушілер одағы" ЗТБ президенті
Отандық өнімді неге пайдаланбасқа? Сапасы жағынан ешбір кемдігі жоқ. Ал қауіпсіздік тұрғысынан, әрине біздің өнімді таңдаған дұрыс.
Импортты алмастыру мәселесіне қатысты сауалға Әсет Машанов отандық өнімді пайдалануға дайын екендіктерін айтып, қазақстандық өндірушілермен келіссөздерді бастап кеткенін айтты. McDonald's-тың барлық өнімдері өндірістің жоғары сапа талаптарына сай болуы керек екенін атап өткен жөн. Қазақстандық өндірушілер үшін ынтымақтастық McDonald's серіктесі болуды білдіреді және халықаралық деңгейге, басқа елдердің нарығына шығуға мүмкіндік ашады.
Әсет Машанов, "Food Solutions KZ"ЖШС Бас директоры
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта біз бірнеше жергілікті өндірушілермен жұмыс істеп жатырмыз және олардан McDonald's стандарттарына сәйкес келетін шикізатты аламыз. Сондай-ақ қазір қазақстандық құс және сиыр етін өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Кеңес соңында аталған мәселелерді шешу үшін жол картасы дайындалып, әр мәселе бойынша кураторлар тағайындалды
Вам может быть интересно: «Абай облысында жертөледегі жасырын цехте алкоголь өндірілген»