Бір тәулікте коронавирусқа 140 адам шалдықты – министрлік

Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус 140 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Жалпы 6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан - 1 183 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 191 (КВИ-), барлығы 1 374 адам емделуде. Олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

6 желтоқсанға дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентімен 10 849 289 адам, II компонентімен 10 613 754 адам егілді. Ревакциналанды – 5 669 940 адам.

Еске салайық, 4 желтоқсандағы бір тәулікте елімізде аталған індет 114 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 3 адамнан анықталған болатын. Пневмониядан 1 адам қайтыс болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте