Алматыда электр жарығы толық қалпына келтірілді. Бұл туралы «Алатау Жарық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бостандық ауданындағы РЭС-5 стансасы электр желілеріндегі ақау жойылып, электр қуаты толық көлемде қалпына келді», - деп хабарлады «Алатау Жарық компаниясы» АҚ.
Бұған дейін Алматының «Ерменсай» шағынауданында электр қуаты сөніп қалғанын жазған едік.
Салдарынан «Silver Hills» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды.
Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда электр қуатының жиі өшетініне қатысты пікір білдірген еді.
Айтуынша, қазіргі таңда 4,2 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылды. Жыл соңына дейін 11 шақырымға дейін жөнделеді.
Вам может быть интересно: «Қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады»