Екібастұздағы төтенше жағдай: бүгін магистральдің жарылған 2 негізгі жері қалпына келтірілуі керек

Екібастұздағы магистральдің жарылған 2 негізгі жері бүгін қалпына келтірілуі керек. Бұл туралы Үкіметтің телеграм каналы хабарлайды.

30 қарашада сағат 8.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көп пәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Сағат 9.00-ден қаланың әлеуметтік нысандары тексеріле бастады. Үкімет мен жедел штаб мүшелері Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура – 24°C.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қараша күні сағат 1:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте