Сингапур президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын қуаттады
Сингапур Президенті Халима Якоб Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын қуаттады. Бұл туралы ол Қазақстан Елшісі Асқар Құттықадамнан сенім грамоталарын қабылдағаннан кейінгі кездесуде айтты.
«Истана» президент сарайында өткен салтанатты рәсімнен кейінгі кездесуде қазақстандық дипломат Сингапур көшбасшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізген.
«Астананың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша қала-мемлекетпен қатынастарды одан әрі кеңейтуге зор мүдделілігі расталды.
Тараптар екіжақты өзара тиімді әріптестік екі елде болып жатқан терең трансформация процестері, сондай-ақ халықаралық жағдайдың құбылмалылығының артуы аясында ерекше маңызға ие болатынына келісті», - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.
Сингапур Президенті соңғы сайлауда Президент Қ.Тоқаевтың жеңіске жетуіне орай жылы лебізін білдіріп, қазақстандық әріптесіне Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын қуаттады.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға сапары жоспарланып отырғанын бұған дейін жазған болатынбыз.
Вам может быть интересно: «Китай запустил пилотируемый корабль «Шэньчжоу-15» к орбитальной станции»