Қазақстан жаңалықтар
27 ноября 2022, 22:05
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайды
Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен кездеседі.
Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.
Дэвис кубогінің іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогінің финалистері – Канада мен Аустралия, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.
Вам может быть интересно: «Венесуэла возвращает миллиарды заблокированных активов после подписания соглашения с оппозицией»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes