Дәр-дәрмек импорты көлемі 17%, ақшалай түрде 26% өсті

Дәр-дәрмек импорты көлемі 17%, ақшалай түрде 26% өсті

Биылғы қаңтар–қазан айларында елімізде 112 млрд теңгенің дәрі өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.

Өңірлер бойынша ең көп өнім Шымкентке тиесілі: 46 млрд теңге, былтырғыдан 10,3% көбейген. Одан кейін Алматы облысы (31,1 млрд теңге, былтырғыдан 23,4% көп) және Алматы (16,2 млрд теңге, 7,7% көп).


Биылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, елімізге 1 млрд АҚШ долларына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Физикалық мәндегі өсім 17,3%-ды, ақшалай түрде 25,8%-ды құрады.

ТМД елдерінен 101,3 млн АҚШ долларына 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорттың негізгі көлемі Ресейден келді: 4,6 мың тонна, былтырғыдан 16,6%-ға аз. Импорт бойынша одан кейін Беларусь пен Украина.

ТМД-ға кірмейтін елдерден Қазақстан 900 млн АҚШ долларына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Мұнда негізгі экспорттаушы ел Қытай: 2,6 мың тонна, былтырғыдан 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.


Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 13,3% өскен.

Баға ең көп Алматы қаласында өсті: 17,5%. Одан кейін Маңғыстау (17,1%), Ақтөбе (16,7%), Жетісу (16,2%) және Жамбыл (14,4%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: «бар болғаны» 8,9%.

Еске салайық: Үкімет қаулысына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмектің 90 түрі міндетті түрде таңбаланады. Дәрі өндірушілер таңбалауды 2025 жылға дейін шегеруді сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Фармацевтикалық компаниялар инфрақұрылым дайын емес деп отыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте