Газдандыру нәтижесі: Астанада көмір тұтыну 25%-ға төмендеді

Астанада газдандыру есебінен көмірді тұтыну 25%-ға төмендеді. Бұл жылыту маусымында 113 мың тоннаға аз көмір жағылатынын білдіреді. Жаңа үйлерді газға қосу есебінен бұл көрсеткіш ай сайын өсіп отырмақ.

Сарыарқа және Алматы аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Ол үшін қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. Осы екі ауданда үйлердің 65%-ы газға көшті (Сарыарқа және Алматы аудандарында). Газға 7,5 мыңнан астам үй қосылған.

Байқоңыр және Есіл аудандарында да газ құбырын салу (2023 жылы кварталішілік желілер) жұмысы жүріп жатыр. Биыл аудандық «Тұран», «Телман» қазандықтарына және Ильинка (Үркер), Өндіріс, Телман, Пригородный, елді мекендерінде, сол сияқты «Family Village» және «Garden Village» шағын аудандарына газ жеткізу желісінің құрылысы басталды.

Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр, ал кварталішілік желілердің құрылысы 2023 жылы басталады.

Әлеуметтік нысандар да газға қосылады. Елді мекендерде орталық жылу жүйесіне қосылмаған әлеуметтік нысандар бар. Олар автономды жылу көздері арқылы жылытылды: көмір арқылы немесе дизель отыны арқылы, алайда бұл бірнеше есе қымбатқа түседі. 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстырылды. Осы нысандарда газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады.

Бұған дейін ынталандыру және көмек көрсету үшін Астана әкімдігі бірқатар әлеуметтік шаралар қабылдады: үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартылды; халықтың мұқтаж санаттарына бөлінетін сома 2 еседен астам ұлғайтылды (430 мыңға дейін); тегін негізде газды есепке алу құрылғылары (есептегіштер) беріледі; банк арқылы бөліп төлеу және пайызсыз кредиттеу мүмкіндігі қарастырылды.

Газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте