Қазақстандағы McDonald's өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады
Қазақстандағы McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жыл,18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады.
"Food Solutions KZ" ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып табылады. Қазақстанның келесі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. "Food Solutions KZ" ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеден астам сомаға салық ұлттық қаржыға төленді және қоғамға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Соңғы алты жылда компания қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражат аударды.
Вам может быть интересно: «В Чили подтвердили первый случай смерти от оспы обезьян»